2014-2015 оқу жылындағы Ғарыштық зерттеулер бойынша «Ғылым әлемін ашамыз» атты халықаралық ғылыми жарыстардың қорытындылары туралы
2015 жылғы 1-5 сәуірде Байқоңыр қаласында өткізілген Ғарыштық зерттеулер бойынша «Ғылым әлемін ашамыз» атты халықаралық ғылыми жарыстардың (бұдан әрі - жарыстар) қорытындылары туралы хаттаманың негізінде БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2014-2015 оқу жылындағы Ғарыштық зерттеулер бойынша «Ғылым әлемін ашамыз» атты халықаралық ғылыми жарыстардың I, II және III дәрежелі дипломмен марапатталған жеңімпаздар тізімі бекітілсін. 2. Облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармаларының басшылары (келісім бойынша) конкурстың қорытындыларын білім беру ұйымдарында талқыласын және оқушыларды жарыстарды өткізудің барлық деңгейіне дайындау жүйесін жетілдіру бойынша шаралар қабылдасын. 3. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (Ш.А. Қирабаева): 1) Қазақстан Республикасы құрама командаларының ғылыми жетекшілерімен және жарыстардың қазылар алқасының құрамын іріктеу бойынша ұдайы жұмыстар жүргізсін; 2) жарысқа дайындық бойынша арнайы курстар бағдарламаларын әзірлесін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 302 бұйрығына қосымша
I дәрежелі диплом Секция «Ғарыштық ақпараттық технологиялар»
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|