Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Конфедерациясының Федералдық Кеңесі арасындағы бағалы металдардан жасалған бұйымдардағы сынамалық таңбаны өзара тану жөніндегі (Женевада қ., 2021 жылғы 29 қарашада)
ҚР 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 189-VІІ Заңымен ратификацияланды 2023 жылғы 1 сәуірде күшіне енді
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан) мен Швейцария Конфедерациясының Федералдық Кеңесі (Швейцария) Тараптар арасында сауданы дамыту мақсатында төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімнің мақсатында: a) «жауапты орган»: (i) Қазақстан үшін: Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігін (іі) Швейцария үшін: Бағалы металдарды бақылау жөніндегі орталық ведомствоны білдіреді. b) «ұлттық заңнама» мыналарды: (i) Қазақстан үшін: «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және оны іске асыру үшін қабылданған заңға тәуелді актілерді, сондай-ақ ҚР СТ 967 «Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар. Техникалық шарттар» ұлттық стандартын; (ii) Швейцария үшін: «Бағалы металдармен және бағалы металдардан жасалған бұйымдардың саудасын бақылау туралы» 1933 жылғы 20 маусымдағы Федералдық заңды, оны іске асыру туралы 1934 жылғы 8 мамырдағы қаулыны, сондай-ақ бағалы металдар туралы заңнаманы қолдануға қатысты нұсқаулықтарды және оның кез келген өзгерістерін білдіреді. c) «бағалы металдар» мыналарды: алтынды, күмісті, платинаны және палладийді білдіреді. d) «бағалы металдардан жасалған бұйымдар» мыналарды: (i) Қазақстан үшін: бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда, көркемдік өңдеудің әр түрін пайдалана отырып, асыл тастардан және табиғи немесе жасанды жолмен алынған басқа да материалдардан жасалған ендірмелері бар не онсыз, бағалы металдардан және олардың қорытпаларынан жасалған, түрлі әшекейлер, тұрмыстық кәдеге жарататын заттар ретінде және (немесе) діни және декоративтік мақсаттарда қолданылатын бұйымдар. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|