«Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМАЫН: 1. «Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10702 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген жолдаманың Үлгілік нысанында: 1-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 1-1-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес толықтырылсын. көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолдамаларды беру қағидаларында: бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; қағидаларға қосымша осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2-қосымша осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес толықтырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|