Жер учаскесіне шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығын беру туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 67-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, жер комиссиясының 2021 жылғы 11 тамыздағы № 5 хаттамасы және «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» коммуналдык мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 18 тамыздағы № KZ51VBG00895983 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Нұра топтық су құбыры» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына 10 жыл мерзімге орман қорының жерлерін қоспағанда, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Нежинка және Червонный ауылдық округтерінің аумағында Есіл топтық су құбырының магистральдық құбыр жолының желілік бөлігін орналастыру және пайдалану үшін жалпы ауданы 161,5 гектар жер учаскесіне шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы берілсін. 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Нұра топтық су құбыры» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша) жұмыс аяқталғаннан кейін жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіру ұсынылсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|