Есіл ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3 бабы 2 тармағы 16) тармақшасына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Есіл ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары Б.Ж.Касеновқа жүктелсін. 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2021 жылғы 15 қыркүйектегі № а-9/196 қаулысымен бекітілді
Есіл ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-15) тармақшасына сәйкес әзірленді және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну мен ақы төлеу тәртібін белгілейді. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) жылумен жабдықтау – жылу энергиясын және (немесе) жылу жеткізгішті өндіру, беру, бөлу және тұтынушыларға сату жөніндегі қызмет; 2) электрмен жабдықтау – электр энергиясын өндіру, беру және тұтынушыларға сату жөніндегі қызмет; 3) сумен жабдықтау – суды жинауды, сақтауды, дайындауды, беруді және сумен жабдықтау жүйесі арқылы су тұтынушыларға таратуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы; 4) су бұру – сарқынды суларды жинауды, тасымалдауды, тазартуды және су бұру жүйелері арқылы су объектілеріне және (немесе) жер бедеріне бұруды қамтамасыз ететін іс-шаралардың жиынтығы; 5) газбен жабдықтау – тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу саласындағы қызмет; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|