Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы Қандысу өзенінің (сол жақ жағалау учаскесі) су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы бастаудан ағысты бойлап төмен қарай 66,0-67,1 км тұстамасындағы Қандысу өзенінің (сол жақ жағалау учаскесі) су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін; 2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы бастаудан ағысты бойлап төмен қарай 66,0-67,1 км тұстамасындағы Қандысу өзенінің (сол жақ жағалау учаскесі) су қорғау аймағы аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|