Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 60 бұйрығына 25-қосымша
«Сот өрт-техникалық сараптамасы» кәсіптік стандарты
1. «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес «Сот өрт-техникалық сараптамасы» кәсіптік стандарты әзірленді, ол сот өрт-техникалық сараптамасы жүргізу жөніндегі сот сарапшысының біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындауға арналған және сот-сараптама қызметі саласында қолданылады. 2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) білім - кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат; 2) дағды - кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті; 3) жазба - қол жеткізілген нәтижелер туралы мәліметтерді қамтитын құжат немесе жүзеге асырылған қызметтің расталуы верификацияның, ескертуші және түзетуші әрекеттердің жүргізілуінің куәлігін ұсыну және қадағалауын рәсімдеу үшін; 4) сот өрт-техникалық сараптамасының мәні - өрттің туындауына, дамуына және оның зардаптарына әкеп соққан мән-жайларды зерттеу кезінде жаратылыстану-техникалық ғылымдар және сот сараптамасы саласындағы арнайы ғылыми білімдер негізінде белгіленетін нақты деректер. 5) сот өрт-техникалық сараптама объектісі - өрттің әсеріне ұшыраған және оны зақымдайтын факторлардың әсерінен түрлендірілген физикалық объект. 3. Осы кәсіптік стандартта мынандай қысқартулар қолданылады: БТБА - Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы; БА - Біліктілік анықтамалығы; СБШ - Салалық біліктілік шеңбері; ЭҚЖЖ - Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы мемлекеттік жіктеуіші.
2-тарау. Кәсіптік стандарттың төлқұжаты
4. Кәсіптік стандарттың атауы: «Сот өрт-техникалық сараптамасы». 5. Кәсіптік стандарт коды: O84230. 6. ЭҚЖЖ сәйкес секциясын, бөлімін, тобын, сыныбын және кіші сыныбын көрсету: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|