Семей қаласы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 4 қарашадағы № 2388 Қаулысымен күші жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 56-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 14) тармақшасына, «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің келесі санаттары үшін тегін тамақтандыру ұйымдастырылсын: 1) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; 2) даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедек балаларға; 3) көп балалы отбасылардың балаларына; 4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға. 2. Тегін тамақтандыру мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне мынадай растайтын құжаттарды ұсынған кезде ұйымдастырылады: 1) ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың еркін нысандағы жазбаша өтініші; 2) отбасыларда тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қамқорлықты (қорғаншылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы анықтаманың көшірмесі; 3) мүгедек балалар үшін мүгедектігі туралы анықтама немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін психологиялық - медициналық - педагогикалық консультацияның медициналық қорытындысының көшірмесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|