Оқу орталықтарына қойылатын талаптарды, оларды мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізіліміне енгізу қағидаларын бекіту туралы
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілген: 1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Оқу орталықтарына қойылатын талаптар; 2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Оқу орталықтарын мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізіліміне енгізу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 377-НҚ бұйрығына 1-қосымша
Оқу орталықтарына қойылатын талаптар
1. Осы Оқу орталықтарына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді. Аталған Талаптар техникалық реттеу саласындағы оқу орталықтарына қолданылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|