ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016.29.07. № 661 бұйрығымен стандартпен толықтырылды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 647 бұйрығына 5-1-қосымша
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020.21.02. № ҚР ДСМ-12/2020 бұйрығымен күші жойылды
Фармацевтикалық мамандық бойынша бакалавриаттың мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты (2017.29.06. берілген өзгерістермен)
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы 5В110300 - «Фармация» мамандығы бойынша бакалавриаттың мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты (бұдан әрі - МЖМБС) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен түріне қарамастан жоғары оқу орнында (бұдан әрі - ЖОО) білім алушылардың даярлық деңгейіне, білім беру мазмұнына, білім алушылардың оқу жүктемесінің барынша көлеміне қойылатын талаптарды белгілейді. Осы МЖМБС-та мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) біліктілік сипаттамасы - денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, шеберлік және дағдылар; 2) біліктілік талаптары - денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, шеберлік және дағдылар; 3) дипломдық жұмыс (жоба) - студенттің тиісті саланың өзекті проблемаларының өз бетінше зерделеу нәтижелерін жинақтауы болып табылатын қорытынды жұмысы; 4) жеке оқу жоспары (бұдан әрі - ЖОЖ) - үлгілік оқу жоспары мен элективті пәндер каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен студенттің әр оқу жылына арнап өзі құрастыратын оқу жоспары; 5) жоғарғы фармацевтикалық білім - тиісті мамандық бойынша біліктілік бере отырып, мамандар даярлауға бағытталған жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасы; 6) кәсіптік құзыреттер - денсаулық сақтау жүйесіндегі кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, шеберлік және дағдылар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|