ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының жалауы мен рәмізінің, ведомствоның аумақтық бөлімшелері мен білім беру ұйымдары жалауларының сипаттамасын бекіту туралы
Осы редакция 2021 жылғы 22 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосы жалауының; 2) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосы рәмізінің; 3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жалауларының; 4) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының білім беру ұйымдары жалауларының сипаттамалары бекітілсін. 2. «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жалауларының сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 867 Жарлығының(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 46-47, 459-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы Жарлық алғашқы ресмижарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2017 жылғы қыркүйектің 15-і.
№ 549
Президентінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 549 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосы жалауының сипаттамасы
Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының жалауы екi жақты матадан, ағаш саптан және шашақтары бар баудан тұрады. Жалаудың матасы тiк бұрышты, көлемi: ұзындығы - 150 см, енi - 100 см, көгiлдiр түстi жiбек файдан екi бүктеліп жасалады және үш жағының шеттерi алтын түстес жiбек шашақпен көмкеріледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|