«Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 513 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 111-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 513 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10372 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Құрылтайшылары агенттік орналасқан мемлекеттің азаматтары болып табылатын, аккредиттеу туралы өтініш берген сәтте өз мемлекетінің аумағында аталған салада өз қызметін кемінде он жыл жүзеге асырған агенттіктер аккредиттеуге жатады.»; мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген агенттіктердің жалпы саны жиырмадан аспайды.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Агенттіктің сенім білдірген адамы жұмысты жүзеге асыру үшін Комитетке Кодекстің 112-бабында көрсетілген құжаттарды тапсырады.»; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Кодекстің 112-бабына сәйкес агенттікті аккредиттеуден, оның қызмет мерзімін ұзартудан және (немесе) оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтатудан бас тарту негіздері; 1) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болмауы; 2) өз қызметі туралы дәйексіз мәліметтер ұсынуы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|