Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 105 Қаулысымен күші жойылды Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 157 қаулысымен бекітілген
Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Мемлекеттік қызметті Тараз қаласы мен аудандардың сәулет және қала құрылысы бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді: 1) көрсетілетін қызметті беруші; 2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалы және оның қалалық және аудандық бөлімдері (бұдан әрі - Халыққа қызмет көрсету орталығы) жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) көрсетілетін қызметті берушінің шешімі (бұдан әрі - облыстық маңызы бар қала, аудан әкімдігінің қаулысы). Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|