Осы редакция 2019 жылғы 24 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына 10-қосымша
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.07.12. № ҚР ДСМ-36 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (2018.07.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017.27.06. № 464 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.07.12. № ҚР ДСМ-36 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. «Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.07.12. № ҚР ДСМ-36 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік қызметті денсаулық сақтау субъектілері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017.27.06. № 464 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:: 1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 30 (отыз) минуттан аспайды; 2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|