Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы (2024.01.01. берілген өзгерістермен)
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ: 1. Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын. 2. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 21 маусымдағы № 25/289-VI «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4669 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 шілдедегі «Ontustik Qazaqstan» газетінде және 2018 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. «Түркістан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы шешімді «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|