Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 30 шілдедегі № 18/276 «Амбулаторлық емдеу барысында азаматтардың жекелеген санаттарына дәрі-дәрмектерді қосымша тегін ұсыну туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 37/446 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 30 шілдедегі №18/276 «Амбулаторлық емдеу барысында азаматтардың жекелеген санаттарына дәрі-дәрмектерді қосымша тегін ұсыну туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2489 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін: мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын: «Амбулаториялық емдеу барысында азаматтардың жекелеген санаттарына дәрі-дәрмектерді қосымша тегін ұсыну туралы»; көрсетілген шешіммен бекітілген амбулаторлық емдеу барысында Маңғыстау облысындағы азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша тегін ұсынылатын дәрі-дәрмектердің тізілімі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|