«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағын белгілеу туралы (2017.16.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 27 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақмола облысы әкімдігінің 2010.12.04. № А-4/113 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтары туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы және өзін-өзі басқару» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес сыртқы қолайсыз әсерлерден ерекше күзету мен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі қаулы етеді: Ақмола облысы әкімдігінің 2010.12.04. № А-4/113 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); Ақмола облысы әкімдігінің 2013.14.05. № А-4/201 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағының жерлерін шаруашылық аралық жерге орналастыру бойынша бекітілген жобаға сәйкес, жалпы аумағы 377 166 гектар, оның ішінде 152 182 гектар Бурабай ауданындағы, 216 222 гектар Еңбекшілдер ауданындағы, 8762 гектар Бұланды ауданындағы жер телімдері шекарасында «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің айналасында қорғалу аймағы белгіленсін. Ақмола облысы әкімдігінің 2013.14.05. № А-4/201 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 28-бабына сәйкес, Ақмола облысындағы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағы аумағында шаруашылық қызметті реттейтін режим белгіленсін. Ақмола облысы әкімдігінің 2013.14.05. № А-4/201 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қоса ұсынылып отырған «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағы аумағында табиғатты пайдалану қағидалары бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|