«Қызылорда облысының 2024 жылға арналған әлеуметтік саласы бойынша квоталар белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 235 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қызылорда облысының 2024 жылға арналған әлеуметтік саласы бойынша квоталар белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 235 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының 1, 2, 3, 4-қосымшалары осы қаулының 1, 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын. 2. «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Д.Е. Жаналиновке жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2024 жылғы 29 шілдедегі № 126 қаулысына 1-қосымша
Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы «29» желтоқсандағы № 235 қаулысына 1-қосымша
Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің тізімдік саны 50 адамнан асатын және одан жоғары жұмыс берушілерге екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|