«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
Осы редакция 2022 жылғы 2 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 29, 376-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережеде: 13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Егер Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.»; орталық аппараттың функциялары мынадай мазмұндағы 11-8) тармақшамен толықтырылсын: «11-8) соғысқа қатысушы куәлігін беру тәртiбiн айқындайды, сондай-ақ соғысқа қатысушы куәлігін дайындауды ұйымдастырады;»; 21-тармақ мынадай мазмұндағы 19-48), 19-49), 19-50), 19-51), 19-52), 19-53), 19-54), 19-55), 19-56), 19-57), 19-58), 19-59), 19-60), 19-61), 19-62) және 19-63) тармақшалармен толықтырылсын: «19-48) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері полигондарының және оқу-жаттығу орталықтарының қызметі қағидаларын бекітеді; 19-49) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ғимаратына өткізу режимін қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді; 19-50) Жергілікті әскери басқару органдарының қызметтік істерін бағалау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді; 19-51) Жергілікті әскери басқару органдарында кезекшілер қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|