Тауарларды сыныптау жөніндегі, тауарды жинақталмаған түрде сыныптау туралы шешімдердің және преференциялдық және преференциялдық емес режимдерді қолдану кезінде тауар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешімдердің нысандарын бекіту туралы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 210 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы кодексінің 78-бабының 3-тармағына, 85-бабының 2-тармағына, 9-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тауарларды сыныптау жөніндегі шешімнің; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тауарды жинақталмаған түрде сыныптау туралы шешімнің; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес преференциалдық және преференциялдық емес режимдерді қолдану кезінде тауар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешімнің нысандары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми, жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне жолдауды; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет - ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 116 бұйрығына 1-қосымша
Нысан
Тауарларды сыныптау жөніндегі шешім
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|