Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу жөніндегі тізбелерді бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабына сәйкес Алматы облысы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес азаматтық қорғаныс жөніндегі топтарға жатқызылған Алматы облысы қалаларының тізбесі бекітілсін. 2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған Алматы облысы ұйымдарының тізбесі бекітілсін. 3. «Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы шешімнің ресми жарияланғаннан кейін Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру; 2) осы шешімнің қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін. 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. Құдайбергеновке жүктелсін. 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысы әкімінің 2025 жылғы 15 қаңтардағы № 1 шешіміне 1-қосымша
Алматы облысының азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың тізбесі
2025 жылғы 15 қаңтардағы № 1 шешіміне 2-қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|