27) Халықтың барлық топтарына ревакцинация жүргізу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналарды қоса алғанда, ҚР-да КВИ-ға қарсы вакциналау үшін қолданылатын бірінші және екінші компоненттерге ұқсас вакциналар пайдаланылуы мүмкін; 28) Вакцинация жүргізу жоспарын медицина қызметкері вакцинация жоспарының атауын, вакцинация түрін таңдау және процедураның уақыты мен күнін көрсете отырып күнтізбені ашу арқылы жасайды; 29) КВИ-ға қарсы вакцинация жүргізуге тартылған медициналық ұйымдар: - Модульге растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда шетелде КВИ-ға қарсы екпе алған, КВИ-ды жұқтыру қаупі жоғары Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан аумағында 3 және одан көп ай тұратын шетел азаматтарын КВИ-ға қарсы вакцинациялау және ревакцинациялау туралы мәліметтерді енгізеді; - Модульге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - ҚР БҒМ) растайтын ақпаратын ұсынған жағдайда клиникалық зерттеулер шеңберінде «QazCovid-іп» («QazVac») вакцинасымен КВИ-ға қарсы екпе алған Қазақстан Республикасының азаматтары КВИ-ға қарсы вакцинациялау туралы мәліметтерді енгізеді; - Модульге ҚР БҒМ-ның растайтын ақпаратын ұсынған жағдайда «QazCovid-in» («QazVac») вакцинасымен КВИ-ға қарсы екпе алған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты қызметкерлерін КВИ-ға қарсы вакцинациялау туралы мәліметтерді енгізеді. - Модульге жеке басын куәландыратын құжаты жоқ (жеке сәйкестендіру нөмірінсіз) егілген Қазақстан Республикасының азаматтары жөніндегі деректерді енгізеді; - Модульге растайтын құжаттарының негізінде КВИ-ға қарсы вакцинация курсын шетелде бастаған Қазақстан Республикасының азаматтарын және Қазақстан аумағында 3 және одан да астам ай тұратын шетел азаматтарын Қазақстан Республикасында қолданылатын вакциналармен КВИ-ға қарсы вакцинациялау курсын (бастапқы, қайталама) аяқтау бойынша деректерді енгізеді; - Модульге шетелде КВИ-ға қарсы ревакцинация алғаны туралы құжаттардың негізінде Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан аумағында 3 және одан көп ай тұратын шетел азаматтарына Қазақстан Республикасында КВИ-ға қарсы жүргізілген ревакцинация туралы деректерді енгізеді; 30) Комирнати» вакцинасы бар құтылар сақталған кезде әрқашан тік жағдайда болуы тиіс; 31) КВИ-ға қарсы вакцинациялауды жүргізу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарында және шетел азаматтарында Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы «13» қаңтардағы № 2 қаулысына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша модульде «вакцинациялаудан өткені туралы анықтама» қалыптастырылады. 32) «Әлеуетті қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар «Санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-105 бұйрығының 8-тарауына сәйкес КВИ диагностикасы үшін зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау. 11. «Қарағанды облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалына: 1) COVID-19-бен ауыратын науқастардан үлгілерді алуға арналған Зертханалық шығыс материалдарының, шығыс материалдарының, тест-жүйелердің, полимеразды-тізбекті реакция, вирусологиялық зерттеулер, молекулярлық-генетикалық зерттеулер жүргізу үшін диагностикумдардың азаймайтын қорын; 2) ДДҰ ұсынымдарына сәйкес COVID-19 диагностикасы әдістері бойынша зертханалардың мамандарына әдіснамалық көмек көрсетуді; 3) COVID-19-ға күдікті науқас тіркелген жағдайда COVID-19-бен ауыратын науқастардан материал алу және тасымалдау кезінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіпті сақтауды, осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес COVID-19 ошақтарында дезинфекциялық іс-шараларды жүргізуді; 4) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қызметкерлерді ЖҚҚ-мен жеткілікті мөлшерде; 5) COVID-19-ға зерттеуге арналған материалдың үлгілерін өтініштің мақсаты (өздігінен жүгіну, әкелу, профилактикалық тексеру (скрининг) және басқасы) көрсетілген ілеспе құжатпен қабылдауды қамтамасыз етсін. 6) «Әлеуетті қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар «Санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-105 бұйрығының 8-тарауына сәйкес КВИ диагностикасы үшін зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау. 12. Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасына: 1) бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз ету, адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шектеу шараларының маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіру; 2) осы қаулыны Қарағанды облысы халқының назарына жеткізсін. 13. Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері осы қаулыны карантиндік шараларды қатаңдату немесе жеңілдету туралы шешім қабылдау құқығынсыз басшылыққа алады. 14. Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Қарағанды облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу бойынша шектеу шараларын енгізу туралы» № 8-Қ қаулысының күші жойылды деп танылсын. 15. Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары, Қарағанды облысының полиция департаменті, Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының әкімдері осы қаулының орындалуын күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін. 16. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасарының 2022 жылғы 28 наурыздағы № 9-Қ қаулысының 1 қосымшасы
«ASHYQ» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемдері*
«+» - қызметке рұқсат етілген; «✓» - қызмет ішінара (шектеулермен) рұқсат етілген; * - келушілердің бейтарап «көк» немесе қауіпсіз «жасыл» мәртебесі болған кезде объектілерге кіруі; ** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес). *** - «жасыл» және «сары» аймақтарда орналасқан өңірлерде объектілерде «ASHYQ» мобильдік қосымшасын пайдалану міндетті болып табылмайды және субъектінің шешімі бойынша, қызметін шектемей, ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасарының 2022 жылғы 28 наурыздағы № 9-Қ қаулысының 2 қосымшасы
«ASHYQ» жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмі
1. Барлық жаңа қатысушылар үшін «ASHYQ» жобасына қатысуға өтінімдер InfoKazakhstan.kz электрондық платформасы және InfoKazakhstan-мен интеграцияланған басқа да платформалық шешімдер (Aitu, Halyk Bank және басқалары) арқылы беріледі. 2. InfoKazakhstan.kz сайты арқылы өтінім беру үшін субъекті (объекті): 1) заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі - ЭЦҚ) көмегімен InfoKazakhstan.kz басты бетіне кіруі және ЭЦҚ арқылы пайдаланушының деректерін толтыруы қажет; 2) авторизациядан кейін «Менің өтінімдерім» қосымша беті автоматты түрде ашылады, онда «Жаңадан өтінім беру» батырмасын басу қажет; 3) «Жаңа өтінім» қосымша бетіне кіре отырып, кәсіпкер өтінім нысанын толтырады және QR-код алуға сұрау жібереді. QR-код алу алдында «Білім базасын» жүктеуі (кіру кезінде орналастыру үшін инфографика, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулылары, «ASHYQ» жобасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар және т.б.) және материалдармен танысуы қажет; 4) субъект (объект) рұқсат беру құжаттарының бар екенін және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін растайды. QR-код субъектіде мынадай рұқсат беру құжаттарының бірі болған кезде ғана беріледі: - ашуға рұқсат/хабарлама (эпидемиялық мәні жоғары объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе эпидемиялық мәні елеусіз объектілер қызметінің басталғаны туралы хабарлама); - қызметті қайта бастау бойынша санитариялық нормаларға сәйкестік актісі. Сәйкестік актісін алу тәртібі пайдаланушының жеке кабинетінде қолжетімді; 5) QR-кодты алумен бір мезгілде бизнес субъектісі өзінің «ASHYQ» жобасының қатысушыларына (осы қаулыға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жеңілдіктермен жұмыс істейді) жататыны туралы хабарлама алады. 3. QR-кодты алғаннан кейін пайдаланушының жеке кабинетінде «Күзетші режимін» (ЖСН немесе куәландырушы құжат бойынша келушінің мәртебесін тексеруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарлама) алуға нұсқаулық көрінеді. 4. QR-кодты алғаннан кейін «ASHYQ» жобасының қатысушысы тестілік режимде 1 апта жұмыс істейді. 5. Тестілік режимде 7 күн жұмыс істегеннен кейін «ASHYQ» жобасына қатысушылар туралы ақпарат әкімдіктерге Infokazakhstan-ға беріледі және бір күн ішінде әкімдіктің сайтында орналастырылады. 6. Жобаның ерікті қатысушылары туралы ақпарат әкімдіктердің сайтында орналастырылады. 7. «ASHYQ» жобасының ерікті қатысушыларына қатысты осы қаулыға 4-қосымшада көзделген шектеулер қолданылмайды. Ерікті қатысушыларға: 1) жұмыскерлердің (персоналдың) және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, COVID-19-дың таралуын барынша азайту үшін (меншік нысанына қарамастан) қызметіне рұқсат етілген; 2) оларға қатысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен немесе Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі қызметке қойылатын талаптар бар кез келген субъекті (объекті) жатқызылуы мүмкін. 8. Кәсіпкер «ASHYQ» жобасының шарттарын сақтау және пайдаланушы келісімінің шарттарын қабылдай отырып, дұрыс деректерді ұсыну үшін өзінің жауапкершілігін түсінетіндігін растайды. 9. Кәсіпкер ұсынылатын деректердің дұрыстығы үшін дербес жауапты болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың болуын тексеруді мониторингтік топ жүзеге асыруы мүмкін.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасарының 2022 жылғы 28 наурыздағы № 9-Қ қаулысының 3 қосымшасы
«ASHYQ» жобасын енгізу және «қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмі
1. «ASHYQ» жобасына енгізілген объектілерде жұмыскер (персонал) келушілердің мәртебесін QR-код немесе ЖСН бойынша тексереді. 2. Келушіде смартфон болмаған жағдайда, оның келісімімен объектінің жұмыскері (персоналы) келушінің мәртебесін ЖСН бойынша тексереді. 3. Резидент еместердің мәртебесін тексеруді объектінің жұмыскері (персоналы) келушінің келісімімен төлқұжат нөмірі бойынша жүзеге асырады. 4. Жобаға қатысатын объектілерге келушілерді және жұмыскерлерді (персоналды) жіберу олардың мәртебесін айқындау үшін арнайы QR-кодты сканерлеп, объектіге кіреберісте көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады: - «жасыл» мәртебе: «қауіпсіз» - деректер базасында алынған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен: COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған; COVID-19-ға қарсы ревакцинация алған; соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан: COVID-19-ға қарсы вакцинацияға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері туралы анықтамасы бар адам ретінде белгіленген. Жүріп-тұруына шектеу жоқ; - «көк» мәртебе: «бейтарап» - ПТР тестілеу нәтижесі жоқ; базада COVID-19 жұқтырған немесе COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адам ретінде деректер жоқ; вакцинацияланбаған. ПТР-тестілеу нәтижелерінің болуы міндетті болып табылатын жерлерден, сондай-ақ «жасыл» мәртебе міндетті болып табылатын жерлерден басқа жерлерде жүріп-тұруына шектеу жоқ; - «қызыл» мәртебе: «инфекция жұқтырған» - базада COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесімен тіркелген, «инфекция жұқтырған» - U07.1 коды мәртебесі бар пациенттер. Жүріп-тұруын шектеу, амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үйде оқшаулаудың қатаң режимін сақтау болжанады. 5. COVID-19-ға қарсы вакцинациялау курсы аяқталмаған адамдар үшін «жасыл» мәртебе вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін 21 күн бойы сақталады. Күнтізбелік 21 күн өткеннен кейін вакцинациялаудың екінші курсы болмаған жағдайда «жасыл» мәртебе «кекке» ауысады. COVID-19-ға қарсы вакцинациялау курсы аяқталған адамдар үшін «жасыл» мәртебе вакцинаның екінші дозасын алған күннен бастап бір жыл бойы сақталады. COVID-19-ға қарсы ревакцинация алған адамдар үшін «жасыл» мәртебе ревакцинация алған күннен бастап бір жыл бойы сақталады. 6. COVID-19-бен ауырған адамдарда «жасыл» мәртебе сауыққаннан кейін соңғы 3 ай бойы сақталады. 7. COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесімен базада тіркелген адамдарда, «инфекция жұқтырған» - U07.1 коды мәртебесі бар пациенттерде «қызыл» мәртебе COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі алынған сәттен бастап 10 күн өткенге дейін сақталады. 10 күн өткеннен кейін бұл адамдар осы уақыт кезеңінде COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алуына қарамастан, соңғы 3 ай бойы сақталатын «жасыл» мәртебеге ауыстырылады. COVID-19-ға теріс ПТР-тестілеу нәтижелері бар (COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алған сәттен бастап 7 күннен ерте емес өткізілген) инфекция жұқтырған адамдарда «қызыл» мәртебе оң нәтиже алған сәттен бастап 7 күн өткенге дейін сақталады. 8. COVID-19-мен ауырған адамдарда «жасыл» мәртебе соңғы 3 ай бойы сақталады. Алғашқы оң тестілеуді алған сәттен бастап 10 күн өткенге дейін COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алған жағдайда, «қызыл» мәртебе COVID-19-ға ПТР-тестілеудің алғашқы оң нәтижесін алған күннен бастап 10 күн ішінде сақталады. 9. Жобаға қатысатын объектілерге «қызыл» мәртебесі бар келушілер жіберілмейді. 10. «ASHYQ» жобасына қатысушылар «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық, дәрігерінің 2022 жылғы 14 ақпандағы № 12 қаулысымен алгоритмдердің және осы қаулының талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. 11. Қарағанды облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің аумақтық басқармалары (әрі қарай - ҚО СЭБД АБ) «ПТР-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы» және «COVID-19 бақылау орталығы» ақпараттық жүйелерінде деректерді уақтылы өзектендіруді қамтамасыз етеді. 12. «ASHYQ» әкімшісінің құқығы бар адам «қызыл» және «сары» мәртебесі бар келушілер бойынша есепті күнделікті жүктеп алуды қамтамасыз етеді және СЭБД АБ-ға жібереді. 13. СЭБД АБ-ы амбулаториялық-емханалық көмек ұйымымен және ішкі істер органдарымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен ақпарат алғаннан кейін оқшаулауға жататын жеке тұлғаның тұратын (орналасқан) жерін анықтайды. 14. СЭБД АБ-ы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық, саламаттылығы саласындағы заңнаманың оқшаулау режимін бұзу бөлігіндегі талаптарын бұзғаны үшін «қызыл» мәртебесі бар жеке тұлғаға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады. 15. «ASHYQ» жобасына қатысушылардың шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді бұзу белгілері анықталған жағдайда, іс-шараларды Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен бекітілген Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді сақтау жөніндегі талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде лауазымды адамдардың әкімшілік сипаттағы шараларды қолдануы жөніндегі іс-қимыл алгоритміне сәйкес мониторингтік топтар жүзеге асырады. 16. Келушілердің мәртебесіне қатысты даулы жағдайлар туындаған кезде 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласу қажет. 17. ҚО СЭБД АБ-ның бұйрығымен кәсіпкерлік объектілерімен және «ASHYQ» жобасымен жедел өзара іс-қимылды үйлестіруге және қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адамдар тағайындалады.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасарының 2022 жылғы 28 наурыздағы № 9-Қ қаулысының 4 қосымшасы
Медицина қызметкерлерінің COVID-19-ды жұқтыруын болдырмау мақсатында денсаулық сақтау ұйымдарын аймаққа бөлу және жұмыс режимі
1-бөлім. Инфекциялық стационарларды аймаққа бөлу және жұмыс режимі.
I. Инфекциялық стационарларда инфекциялық қауіптілікті ескере отырып, «лас» және «таза» аймақтарға бөлу: 1. Инфекциялық стационарларда стационарды «таза» және «лас» аймақтарға қатаң бөлуді қамтамасыз ету қажет. 2. «Таза» аймаққа мыналар жатады: 1) медицина қызметкерлеріне арналған кіру тобы, сыртқы киімге арналған гардероб, кіретін жерде «лас» аймаққа дейінгі және шығатын жерде «лас» аймақтан кейінгі санитариялық өткізгіш, осы блоктардағы қосалқы үй-жайлар; 2) ординатор, мейіргер, бөлімше меңгерушісі кабинеттері, аға мейіргер, шаруашылық бикелері және басқа да персонал кабинеттері, санитариялық торап, олардың шаруашылық үй-жайлары. Бұл ретте оларға кіретін жер жеке қорғаныш құралдарын (бұдан әрі - ЖҚҚ) шешуге арналған шлюз және душ арқылы болуы тиіс; 3) әкімшілік кабинеттері және басқа да әкімшілік үй-жайлар; 4) көшеден кіретін жері бар және «лас» аймақтың ішінде шытатын жер жоқ техникалық үй-жайлар. 3. «Лас» аймаққа осы қосымшаның 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, стационардың қалған барлық үй-жайлары жатады. 4. Санөткізгіштерді 2 ағымға бөле отырып пайдалануды қамтамасыз ету қажет: 1) ауысымға кіретін жерде «таза» аймақтан «лас» аймаққа; 2) ауысымнан шығатын жерде «лас» аймақтан «таза» аймаққа қамтамасыз ету қажет; 3) бұл ретте ағымдар қиылыспауы тиіс; 4) «таза» аймақтың құрамында шешінетін бөлме, ЖҚҚ беретін бөлме, сан. торап болуы тиіс; 5) «лас» аймақта ЖҚҚ-ны шешу бөлмесі, ЖҚҚ жинау бөлмесі, душ кабиналары және сан. тораптардың жеткілікті саны болуы тиіс. 5. Бөлімшенің «лас» аймағынан персоналдың демалу және жұмыс істеу (құжаттармен, компьютермен жұмыс істеу) үй-жайларын алып тастау қажет. 6. Медициналық ақпараттық жүйелердегі жұмыс, кәсіби мәселелерді талқылау, құжаттармен жұмыс істеу, демалу, тамақтану және сусындар ішу және т.б. тек осы қосымшаға 2-тармақта көрсетілген «таза» үй-жайларда ғана жүргізіледі. Аталған «таза» үй-жайлар бөлімшенің ішінде немесе оларға тікелей жақын жерде болуы тиіс. 7. Пациенттердің, сондай-ақ персоналдың пайдаланылған ЖҚҚ-мен таза аймақтың үй-жайларына кіруіне және онда болуына үзілді-кесілді тыйым салынады. 8. Персонал «таза» және «лас» аймақтар арасында орын ауыстыру санын ескере отырып, стационарда ЖҚҚ мен дезинфекциялау құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілуі тиіс. 9. Лас аймақтағы персонал осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ жұмыс істеуі тиіс. 10. Әкімшілік, техникалық және қосалқы персонал ЖҚҚ-сыз «лас» аймақтарға жіберілмейді. 11. Тікелей бөлімшеде «таза» және «лас» аймақтарды құру мүмкіндігі болмаған жағдайда мынадай нұсқаға жол беріледі: 1) инфекциялық стационарда бір бөлімшені персоналға арналған «таза» аймақ ретінде қайта бейіндеу; 2) «таза» аймаққа кіреберісте «таза» және «лас» ағымдарға бөле отырып, санитариялық өткізгіш ұйымдастырылады; 3) қабылдау бөлімшесін қоса алғанда, әртүрлі бөлімшелердің персоналы арасындағы байланысты азайту мақсатында медицина қызметкерлері «таза» аймақта кесте бойынша болады; бұл ретте «таза» аймақтың үй-жайларын бекіту бөлімшелер арасында бөлінеді; 4) «лас» аймақтың бөлімшелерінде персоналға арналған үй-жай пациенттер палатасы ретінде қайта бейінделеді. 12. «Лас» аймақтар жұмыс ауысымы кезеңінде медицина қызметкерлері үшін ішкі байланыспен (рация, ішкі телефон) қамтамасыз етілуі тиіс. 13. «Лас» аймақта мобильді телефондарды, қол сағаттарын, әшекейлерді және басқа да жеке заттарды пайдалануға жол берілмейді. 14. Инфекциялық стационарларда белгілерді және навигациялық көрсеткіштерді визуализациялау жүйесінің болуын қамтамасыз ету қажет. Бұл ретте тану белгілерімен «таза» және «лас» аймақтар анық көрсетіледі. 15. Жұмыс ауысымы кезінде медицина қызметкерлерін тек «таза» аймақта тамақтандыруға жол беріледі. 16. Госпиталдық эпидемиолог (ол болмаған жағдайда денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты адам) инфекциялық стационарда эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды және инфекциялық қауіпсіздік техникасы бойынша стационар персоналына күнделікті нұсқама жүргізуді, практикалық сабақтар өткізу арқылы эпидемияға қарсы режимнің сақталуын қамтамасыз етеді. II. COVID-19-беи ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге тартылған инфекциялық стационарлардың жұмыс режимі: 17. Стационарларда 3В принципін: бейнебақылауды, желдетуді және визуалдауды іске асыру қажет. 18. Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері респираторлық инфекция және пневмония белгілері бар әрбір пациентті әлеуетті инфекцияланған (инфекция көзі) ретінде қарауға және осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын пайдалануға тиіс. 19. Әрбір ауысым басқа ауысымнан оқшаулануы тиіс. 20. Ауруханадан шығарылғаннан кейін палаталардың/бокстардың толтырылу циклділігін, науқастарды қорытынды дезинфекциядан кейін емдеуге жатқызуды сақтау қажет. 21. COVID-19-ға күдікті науқастарға немесе адамдарға медициналық көмек көрсету және ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу кезінде медицина персоналының инфекциялық қауіпсіздікті бұзу фактілері анықталған жағдайда (көрсетілетін медициналық көмек түрінде ЖҚҚ қорғау деңгейін пайдаланбау немесе сәйкес келмеуі) медицина қызметкеріне респираторлық симптомдардың болуына немесе температураның көтерілуіне 10 тәулік ішінде күнделікті бақылау белгіленеді. Респираторлық симптомдар пайда болғанда немесе температура көтерілгенде медицина қызметкері дереу оқшауланады және емделуге жіберіледі. 10 тәулік өткеннен кейін ауру белгілері болмаған жағдайда бақылау аяқталады. Жеке қорғанудың барлық шаралары сақталған кезде науқасқа немесе COVID-19-ға күдікті адамдарға медициналық көмек көрсеткен медицина қызметкерлері өздерінің лауазымдық міндеттерін атқаруды жалғастырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |