«Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2017 - 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 78 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 18 қарашадағы № 442 бұйрығы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабының 5-тармағына сәйкес, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 65-бабының 3-тармағына және «2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» 2019 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2017 - 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 78 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2017 - 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті осы бұйрықты күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрліктің жауапты хатшысы Ж.М. Қожахметовке жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|