«Азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1.«Азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9554 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған: 1) азаматтық қорғаныс жоспарларының құрылымы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес; 2) төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының құрылымы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген азаматтық қорғаныс жоспарларының құрылымы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының құрылымында: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Облыстың (қаланың, ауданның) қысқаша географиялық және экономикалық сипаттамасы мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындауы кезіндегі ықтимал ахуалды бағалау»; 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Төтенше жағдайлар қатері және туындауы кезінде жүргізілетін іс-шаралар»; 3-тарау мынадай редакцияда жазылсын: «3-тарау. Төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша жүргізілетін іс-шаралар 14. Төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша жүргізілетін іс-шараларға мынадай қосымшалар әзірленеді: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|