«Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 5 қазандағы № 370/НҚ Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 16 ақпандағы № 73/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 5 қазандағы № 370/НҚ Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21380 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларында: 14-тармақтың 2 бөлімін мынадай редакцияда жазылсын: «Өтінім берушіге мынадай өлшемшарттар белгіленеді: мәлімделген салада 3 (үш) жылдан кем емес коммерциялық қызмет етуі және өтінім беру күніне соңғы 3 (үш) жылда салық бойынша аударымдарының үдемелi қорытындысы бар; біліктіліктің қажетті деңгейі бар инженерлі-техникалық персоналдың болуы; өтінім берушінің жалпы жылдық табысы соңғы 3 (үш) жылда жобаның толық сомасынан кем емес болуы.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|