|
|
|
Шымкент қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу бойынша шектеу шараларын жеңілдету туралы
Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ № 36), «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 14 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ № 14), «Қазақстан Республикасындағы коронавирус инфекциясының профилактика шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 16 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ № 16), «Білім беру ұйымдарында шектеу іс-шараларын алып тастау туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 18 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ № 18), «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 293/2020 бұйрығына, «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Шымкент қаласында карантин режимі және коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын. 2. Шымкент қаласының тұрғындарына және қонақтарына: 2.1. ҚР БМСД № 16 қаулысының талаптарына сай медициналық ұйымдарда, үй карантиніндегі талаптарды сақтау барысында, пенитенциарлық (қылмыстық-атқарушы) жүйе мекемелерге және басқа нысандарға барғанда бетперде кию режимін сақтау қажет. 3. Шымкент қаласының әкімі, Шымкент қаласының білім беру басқармасына, барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарына, мемлекеттік органдар, Шымкент қаласында меншік иесіне қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындар, заңды тұлғалар және кәсіпкерлік субъектілер карантин кезеңінде келесі шараларды қамтамасыз етсін: 3.1. қызметті ҚР БМСД № 16 қаулысымен қойылған талаптарды сақтай отырып көрсету; 3.2. 2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында оқыту ҚР БМСД № 36 және ҚР БМСД № 18 қаулыларына сәйкес қамтамасыз етілсін; 3.3. ҚР БМСД № 14 қаулысына сай, объектілерде «Ashyq» жобасын пайдалану қызметін шектемей, субъектінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін. 4. Шымкент қаласының әкімдігіне, Шымкент қаласының аудандарының әкімдіктеріне, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына: 4.1. адамдардың аялдамаларда және қоғамдық көліктерде шоғырлануын болдырмау мақсатында қарбалас сәтте желіде көлік құралдарының (автобустардың, шағын автобустардың) саны көбейтілсін, қалған уақытта қозғалыстың біркелкі кестесі ұйымдастырылсын; 4.2. Шымкент қаласының аумағында, мөлтек аудандардың, тұрғын үй алаптарының, көп қабатты тұрғын үйлердің, ұйымдардың аумағында және қоқысқа арналған алаңшалары жоспарлы түрде үнемі тазартылсын, тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар шығарылсын және қоқысқа арналған контейнерлерді тазартып, дезинфекциялау мен жуу жүргізілсін. 5.1. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 8 қаулысы. 6. Қаулының талаптарын, нысанның меншік иесіне қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті. 7. Осы Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын, барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың назарына жеткізілсін және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын. 8. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын. 9. Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |