Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы шекара маңы аумағындағы Шығыс Тарутинский (Қазақстан Республикасы), Тарутинский (Ресей Федерациясы) кен орындарында шаруашылық қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері туралы КЕЛІСІМ (Нұр-Сұлтан қ., 2021 жылғы 18 тамызда)
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 724 Қаулысымен бекітілді
2022 жылғы 17 қазанда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі 2005 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шарттың 7-бабына сәйкес, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Үкімет басшылары кеңесінің 2020 жылғы 6 қарашадағы шешімімен бекітілген Өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, Шығыс Тарутинский (Қазақстан Республикасы), Тарутинский (Ресей Федерациясы) кен орындарында шаруашылық қызметті жүзеге асыру ерекшеліктерін белгілеу мақсатында, төмендегілер туралы келісті:
1-бап. Терминдер мен анықтамалар Осы Келісімде қолданылатын терминдер мыналарды білдіреді: 1. Шаруашылық қызметті жүргізуге тыйым салынған аймақ - Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы аумағында орналасқан, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттік шекараны тікелей бойлай өтетін, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттік шекараны тиісінше күтіп-ұстаумен, инженерлік және өзге де құрылыстарды тұрғызуға қажетті ені 100 метрлік жер алабы. 2. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары - Қазақстан Республикасының Қостанай облысы Қарабалық ауданының әкімдігі және Ресей Федерациясының Челябинск облысы «Чесменский муниципалдық ауданының» муниципалдық құрылымы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|