Академиялық артықшылық орталықтары жобасына қатысу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын алдын ала іріктеу жөнінде комиссия құру туралы (Күшті өңірлік, мықты жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары) (2021.09.09. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысының 21-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының 111-тармағын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Академиялық артықшылық орталықтары (Күшті өңірлік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ), Күшті педагогикалық ЖЖОКБҰ жобасына қатысу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын іріктеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия ) құрылсын. ҚР Білім және ғылым министрі м.а. 2021.09.09. № 461 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Комиссия Жұмыс органы материалдарды дайындағаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде Академиялық артықшылық орталықтарын құру үшін ЖЖОКБҰ-ның алдын ала тізбесін ұсынсын. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (А.Ж. Тойбаев) Комиссияның қызметін қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Қ.А. Ерғалиевке жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 тамыздағы № 402 бұйрығына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|