Осы редакция 2018 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017.26.07. № 113 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығына 2-қосымша
«Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (2018.16.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі әзірлеген. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап күнтiзбелiк 25 (жиырма бес) күн. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорация құжаттар топтамасын қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. 2) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты - 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияға - 15 (он бес) минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметтің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты көрсетілетін қызметті берушіде - 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияда - (жиырма) 20 минут. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|