|
|
|
Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы (2021.24.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 30 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ.А. Турдиев, мына құжаттарды: Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 24 ақпандағы; 2021 жылғы 02 наурыздағы; 2021 жылғы 18 наурыздағы; 2021 жылғы 14 сәуірдегі; 2021 жылғы 29 сәуірдегі; 2021 жылғы 8 маусымдағы; 2021 жылғы 22 маусымдағы; 2021 жылғы 1 шілдедегі; 2021 жылғы 7 шілдедегі; 2021 жылғы 12 шілдедегі шешімдерін; Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 (бұдан әрі - ҚР БМСД 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысы); «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 04 ақпандағы № 5; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 05 наурыздағы № 10; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 25 наурыздағы № 12; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 13; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 17; «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 11 маусымдағы № 27; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 1 шілдедегі № 31; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 14 шілдедегі № 32 қаулыларын; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен бекітілген «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын (бұдан әрі - 2021 жылғы 27 мамырдазы № ҚР ДСМ-47 санитариялық қағидалары); COVID-19 коронавирустық инфекциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасының басқа облыстарындағы және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап, Есептік өлшемшарттар негізінде COVID-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының (ТҚ) қамтылу пайызы - 12,7%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні (R) - 1,017 құрағанын анықтадым. COVID-19 коронавирустық инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Семей қаласы сырқаттанушылық деңгейі жоғары («қызыл» аймақ) өңірге жатқызылды. Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының «Дельта» үнді штаммының әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104 - баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2021 жылғы 21 шілдеден бастап 3 тамызға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021.24.07. № 10-1 Қаулысымен 1.1-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 27 шілдеден бастап күшіне енді) (бұр.ред.қара) 1.1 Қалалар мен аудандардың әкімдері, мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдар, меншіктің және ведомстволық бағыныстылықтың барлық нысандарындағы шаруашылық жүргізуші субъектілері: Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «қызыл» аймақ үшін қарастырылған Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысын шектеуді және рұқсат беруді іске асыруды және бақылауды қамтамасыз етсін. 1.2. Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021.24.07. № 10-1 Қаулысымен алып тасталды (2021 ж. 27 шілдеден бастап күшіне енді) (бұр.ред.қара) 2. Қалалар мен аудандардың әкімдері: 1) облыс аумағының периметрі бойынша, сондай-ақ Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларының және аудандардың периметрі бойынша шектеу шараларының қолданылу шекараларын сақтасын; 2) Өскемен, Семей қалаларында қоғамдық тәртіпті қорғау мен бақылауды 402 шаршыда (Өскемен қаласы - 200, Семей қаласы - 202) 40 учаскелік полиция пунктіне (Өскемен қаласы - 23, Семей қаласы - 17) байланыстыра отырып, жүзеге асырсын; 3) 65 жастан асқан адамдарға және халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына бірінші кезекте қажетті тауарларды, азық-түлік пен дәрілік заттарды жеткізумен айналысатын еріктілердің жұмысын жалғастырсын; 4) кондоминиумдарды басқару органдарымен, пәтер иелері кооперативтерімен және көп пәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсететін басқа да ұйымдармен бірлесіп: - кестеге сәйкес кіреберістерде, лифтілерде, паркингтерде профилактикалық дезинфекциялау жүргізуді және ылғалды жинауды; - дезинфекциялық өңдеу жүргізу кестелерін және респираторлық аурулардың, оның ішінде коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі ақпараттық материалдарды хабарландыру тақталарына және басқа да көпшілікке көрінетін жерлерге орналастыруды жалғастырсын; 5) кейінге қалдыруға болмайтын шешімді талап ететін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда азаматтарды жеке қабылдауды, қызметкерлердің жеке қатысуымен кеңестерді, семинарларды және т.б. өткізуді азайтсын; 6) сыртқы орта объектілеріне (адамдар көп жиналатын орындардағы ғимарат үй-жайларына, қоғамдық көліктерде, жабық және жылы аялдамаларда, әуежайларда, теміржол және автовокзалдарда, жер асты, жер үсті жаяу жүргіншілер өтпелерінде) дезинфекциялық және санитариялық өңдеу жүргізе отырып, облыстың елді мекендерінің аумағында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастырсын; 7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалымен бірлесіп, эпидемиологиялық қадағалау мақсатында, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша, тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулылары бойынша COVID-19-ға ПТР әдісімен зертханалық тексерулерден: эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша: - COVID-19-бен инфекциялық стационарға жатқызылған адамдардың; - ЖРВИ және пневмониямен ауыратын науқастардың; - COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде COVID-19-бен ауыратын науқаспен жақын байланыстары қатарындағы адамдардың; - респираторлық симптомдары және COVID-19-ға ұқсас басқа белгілері бар медицина қызметкерлерінің; профилактикалық мақсатта: - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарда Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері арқылы Қазақстанға келетін азаматтардың; - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес авиарейстермен шетелден келетін адамдардың; - COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде жинау пункттерінде мерзімді әскери қызметке шақырылатын адамдар және әскери бөлімге келгеннен кейін жас әскерлердің; - COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде мерзімді әскери қызметтен кейін әскери бөлімдерден кету алдында әскерден босатылған адамдардың; - COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызылатын пациенттердің; - COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде шұғыл ауруханаға жатқызу кезінде пациенттердің; - COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде науқас балаға күтім жасауға медициналық ұйымдарға жатқызылған адамдардың; - ауруханаға жатқызу алдында жүкті әйелдердің; - COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде гемодиализдегі пациенттердің айына 1 рет; - COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде пенитенциарлық мекемелерге (қылмыстық-атқару жүйелеріне) түсетін адамдардың (тергеуге алынғандар, айыпталушылар, сотталғандар); - COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде медициналық-әлеуметтік мекемелерге жаңадан түсетін қызметкерлерді және адамдарды ресімдеу кезінде, сондай-ақ кейіннен ай сайын медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызмет алушылары мен қызметкерлерінің; - COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттық растау болмаған кезде медициналық ұйымдарда практика басталар алдында медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық колледждер студенттерінің; - COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде еңбек демалысынан, іссапардан, науқастануына және басқа да себептерге байланысты жұмыс орнында 5 және одан да көп күнтізбелік күн болмаған жағдайда медицина қызметкерлерінің өтуін қамтамасыз етсін; эпидемиологиялық көрсетілімдері бойынша, тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулылары бойынша (ШҚО СЭБ департаментімен алдын ала келісу бойынша): - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінен әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген және запасқа шығарылатын әскери қызметшілердің әскери есепке қою орындарына, тұратын жеріне теміржол және әуе көлігімен жол жүрер алдында; - мерзімді әскери қызмет өткеру орнына әскери командаларды қабылдау және ілесіп жүру үшін тағайындалған офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің және белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген әскери қызметшілердің; - қайта әлеуметтендіру және бейімдеу орталықтарына, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарына мәжбүрлі емдеуге түсетін, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдардың; - эпидемиологиялық көрсетілімдері бойынша басқа да адамдардың өтуін қамтамасыз етсін; 8) ҚР БМСД 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына (2021 жылғы 14 қаңтардағы № 2 қаулымен енгізілген өзгерістермен) және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 145-бабына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салуды қамтамасыз етсін. 3. Бородулиха, Зайсан, Шемонаиха, Үржар аудандарының әкімдері, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, ШҚО мемлекеттік кірістер департаменті, ШҚО полиция департаменті, қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары: Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында келетін адамдарға қатысты шектеу шараларына» сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдарына «Ауыл», «Уба», «Бақты», «Майқапшағай» (Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Зайсан аудандары бойынша 1 бірліктен) өткізу пункттерінде 4 санитариялық бекеттің жұмыс істеуін қамтамасыз етсін; 4. Әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтаған кезде халықтың көшелерде және скверлерде, саябақтарда, алаңдарда, жағалауларда, серуендеу аймақтарында жүріп-тұруларына рұқсат етілсін. 5. Балаларға арналған арнайы және мамандандырылған ұйымдардың, білім беру қажеттіліктері ерекше балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі және дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың, сәбилер үйлерінің, балалар үйлерінің, жартылай стационарлық үлгідегі арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін балалар орталықтарының, сондай-ақ белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды қайта әлеуметтендіру және бейімдеу орталықтарының қызметіне санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып рұқсат етілсін. Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы растайтын құжатты ұсынған кезде әлеуетті ата-аналардың оларды одан әрі асырап алуы, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін жетім балалармен кездесу үшін сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруына рұқсат етіледі. Стационарлық сипаттағы қызмет көрсететін емдеу мекемелерінде, медициналық-әлеуметтік объектілерде (арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, оның ішінде балалар орталықтарында) және мүгедектерге арналған оңалту орталықтарында күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын қамтамасыз етсін. Жаңадан түсетін пациенттер медициналық-әлеуметтік мекемелерге COVID-19-ға зертханалық тексерудің теріс нәтижесі немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаты бар болғанда қабылданады. Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы растайтын құжатты ұсынған кезде ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге баруына рұқсат етіледі. 6. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті: 1) тұрғын үй секторында, саяжай алаптарында, базарларда, сауда объектілерінде, саябақтарда, скверлерде, аула ішіндегі балалардың ойын және спорт алаңдарында, рекреация аймақтарында, қоғамдық көлікте маскалық режим мен әлеуметтік қашықтықты сақтау тұрғысынан патрульдеуді күшейту және халыққа байланыссыз термометрия жүргізу; 2) учаскелік қызметтің жұмысын отбасылық, ұжымдық және өзге де бұқаралық іс-шараларды (үйлену тойлары, мерейтойлар және т. б.) анықтауға бағыттай отырып, материалдарды ресімдеп, кейіннен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органдарға ұсыну; 3) үй карантиніндегі адамдарды бақылау; 4) карантиндеу орындарын күзету; 5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы қаулымен айқындалған шектеу режимі мен талаптарды бұзған тұлғаларға шаралар қолдану; 6) мереке және демалыс күндері кезеңінде көңіл көтеру және корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыру фактілерін анықтау мен жолын кесу бойынша күшейтілген бақылау жасау жұмыстарын жалғастырсын және қамтамасыз етсін. 7. Қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары, ШҚО білім басқармасы: 1) қаулының 2-қосымшасына сәйкес COVID-19 коронавирустық инфекциясы тіркелген жағдайда білім беру және тәрбиелеу объектілерін карантинге жабу және қашықтықтан оқыту нысанына көшу өлшемшарттарының орындалуын қамтамасыз етсін. 8. Қалалар мен аудандардың әкімдері, қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы: 1) өңірдегі COVID-19 коронавирустық инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалды және санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын ерекше бақылауда ұстасын; 2) вирустың репродуктивтік көрсеткіштерінің және халықтың COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылығының кез келген өзгерістеріне жедел әрекет етсін және шаралар қабылдасын; 3) денсаулық сақтау жүйесі инфрақұрылымының толық әзірлігін, барлық буындағы медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін, қатер топтарын қадағалауды қамтамасыз етсін; 4) үй карантині кезінде қашықтықтан бақылау үшін мобильдік қосымшаны және басқа да мобильдік қосымшаларды пайдалануды ұсынсын; 5) медициналық ұйымдарда санитариялық қағидалар мен бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер қаулыларының талаптарын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз етсін; 6) COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы егу пункттерінің вакцинациялауға дайындығын қамтамасыз етсін; 7) халықты COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы иммундауды өткізуге дайындау мен жүргізу жөніндегі іс-шараларды үйлестіруді және бағалауды қамтамасыз етсін; 8) «Қазақстан Республикасында халыққа коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияны жүргізу» жөніндегі уақытша әдістемелік ұсыныстардың және COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу бойынша вакциналарды сақтау және тасымалдау регламентінің орындалуын қамтамасыз етсін. 9. Қалалар мен аудандардың әкімдері, «Атамекен» ҚР ҰКП Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы және қалалар мен аудандардағы филиалдары (келісім бойынша), ШҚО кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасы, ШҚО полиция департаменті, қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары, «Аshyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері: «Кәсіпкерлік объектілерінде «Аshyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Аshyq» жобасын іске асыруды қамтамасыз етсін. 10. Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері, ШҚО кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасы, «Атамекен» ҚР ҰКП ШҚО кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша): 1) InfoKazakhstan.kz сайтында электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік актісі негізінде объектілердің қызметін қайта бастауды; 2) қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін санитариялық нормаларға сәйкестік актісін объектіге кіреберісте көрінетін жерге орналастыруды; 3) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін InfoKazakhstan.kz сайтының жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттандыруды; 4) кәсіпкерлердің бұзушылықтарды жою үшін уақтылы шаралар қабылдаулары мақсатында шағымдарды және шектеу режимін, оның ішінде карантинді бұзу фактілерін орналастыру үшін InfoKazakhstan.kz сайтын пайдалануды; 5) кәсіпкерлік субъектісі InfoKazakhstan.kz сайтында объектінің паспортына үй-жайларды келушілермен жоспарлы толтыру туралы мәліметтерді енгізуді (Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен айқындалатын шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі объектілердің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес 1 адамға белгіленген ауданды ескере отырып айқындалады және енгізіледі); 6) ресми веб-ресурстарда, БАҚ-та, әлеуметтік желілерде және өзге де ақпараттық ресурстарда қажетті ақпаратты орналастыру арқылы барлық меншік нысандарындағы ұйымдарды, мекемелер мен кәсіпорындарды хабардар етуді қамтамасыз етсін. 11. Мониторингтік топтар жұмысы шеңберінде мыналарды қамтамасыз етсін: 11.1. Қалалар мен аудандардың әкімдері, Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті, «Атамекен» ҚР ҰКП Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша), еріктілер: 1) мониторингтік топтардың жұмыс істеуін қамтамасыз етсін; 2) мониторингтік топтардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу бөлігінде олардың қызметіне күшейтілген бақылау жасауды қамтамасыз етсін; 3) Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен (2020 жылғы 14 желтоқсандағы, 2021 жылғы 1 шілдедегі ведомствоаралық комиссия хаттамаларымен енгізілген өзгерістермен) бекітілген «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді сақтау жөніндегі талаптардың бұзылғаны анықталған кезде лауазымды адамдардың әкімшілік сипаттағы шараларды қолдану жөніндегі іс-қимыл алгоритмінің» сақталуын қамтамасыз етсін; 4) халықтың елді мекендерде, ғимараттарда, адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте болған кезінде және жүріп-тұруы кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық шектеу шараларын, оның ішінде маскалық режимнің және әлеуметтік қашықтықтың сақталуына бақылауды күшейтсін; 5) мобильді мониторингтік топтардың нәтижелілігіне апта сайынғы бақылауды жүзеге асырсын; 6) ШҚО ішкі саясат басқармасымен, қалалардың / аудандардың ішкі саясат бөлімдерімен бірлесіп, мобильді мониторингтік топтардың жұмысын баспа және электрондық БАҚ және әлеуметтік желілерде жарияласын, халықпен кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүргізілуін (тұрақты брифингтер, онлайн талқылаулар және т. б) қамтамасыз етсін: - қызметін қайта бастаған не қызметін шектемеген субъектілердің профилактикалық, эпидемияға қарсы және карантиндік іс-шараларды сақтауы бойынша мониторингтік топтардың тексеру нәтижелерін жария ету; 11.2. Қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары: 1) ШҚО ішкі саясат басқармасымен, қалалардың / аудандардың ішкі саясат бөлімдерімен бірлесіп, мобильді мониторингтік топтардың жұмысын баспа және электрондық БАҚ және әлеуметтік желілерде жарияласын, халықпен кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүргізілуін (тұрақты брифингтер, онлайн талқылаулар және т. б) қамтамасыз етсін: - карантин нормалары және өңірдегі ағымдағы эпидемиологиялық ахуал, қабылданып жатқан шаралар туралы; - адамдардың сауаттылығын арттыру мәселелері жөнінде, қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайдағы іс-әрекеттер туралы және COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша олардың әлеуметтік жауапкершілігі туралы; - енгізілетін санитариялық талаптар, бұзушылықтарға жол берген адамдарды жауапқа тартудың тәртібі мен негіздері туралы; - адам мен азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шешімдердің маңыздылығын ашу, қабылданған шаралар туралы; 2) бизнес-қауымдастық арасында жаңа санитариялық талаптарды түсіндіру бойынша іс-шараларды жандандырсын; 3) халықты және БАҚ-ты толғандыратын өзекті және «өткір» мәселелерге ден қою және түсіндіру бойынша толық шаралар қабылдай отырып, ықтимал резонанстық тақырыптарды, оқиғаларды, жағдайларды қадағалап отырсын. 12. Кәсіпорындар мен өндірістік объектілердің, оның ішінде вахталық әдіспен;технологиялық процестің үздіксіз циклімен жұмыс істейтін объектілердің жұмыс берушілері мыналарды: 1) 2020 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 67 қаулысының 25-қосымшасымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде өнеркәсіптік кәсіпорындарға және өндірістік объектілерге, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтіндерге қойылатын талаптарды сақтауды; 2) ҚР БМСД 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 6-1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың және объектілердің вакцинацияланбаған қызметкерлерін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) көзбе-көз режимде жұмысқа жіберуді шектеуді;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |