Алматы қаласы метрополитенімен жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 4/444 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 11-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласы метрополитенімен жолаушыларды тасымалдау қағидалары бекітілсін. 2. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы заңнамамен белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге жүктелсін. 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2015 жылғы 18 ақпандағы № 1/99 қаулысымен бекітілді
Метрополитенмен жолаушыларды тасымалдау
1. Жалпы ережелер
1. Осы Метрополитенмен жолаушыларды тасымалдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) жолаушыларды метрополитенмен тасымалдауда тұрғындардың тұтынушылығын қанағаттандыру мақсатында «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1102 қаулысымен бекітілген Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеру қағидаларына және қойылатын талаптарына сәйкес әзірленді және метрополитенмен жолаушыларды тасымалдау тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|