«Абай облысының су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылықта пайдалану режимі туралы» Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 39 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 39 «Абай облысының су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылықта пайдалану режимі туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 28-18 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының 1- қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Н. Ноғайбаев 2023 жылғы «_____» _____________
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының басшысы Р. Иманбет 2023 жылғы «_____» _____________
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Е. Мәдиев 2023 жылғы «_____» _____________
2023 жылғы 18 тамыздағы № 146 қаулысына қосымша
Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы « 17 » ақпандағы № 39 қаулысымен Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|