Ерейментау ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы
Осы редакция 2021 жылғы 16 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ерейментау ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп, Ерейментау ауданында үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар белгiленсiн. 2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар шарттық негізде берілсін. 3. Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің «Ерейментау ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жай беру туралы» 2019 жылғы 4 мамырдағы № а-5/140 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7176 тіркелді, 2019 жылғы 8 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланды) қаулысы күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ерейментау ауданы әкімі аппаратының басшысы Е. Б. Құттыбаевқа жүктелсін. 5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛIСIЛДI» Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
2020 жылғы 1 маусымдағы № а-6/166 қаулысына 1-қосымша
Ерейментау ауданында үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|