Ақмола облысы Бұланды ауданында коммуналдық қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3 бабы 2-тармағының 16) тармақшасына, «Коммуналдық көрсетілетін қызметтердің тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 249 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20542 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысы Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақмола облысы Бұланды ауданында коммуналдық қызметтерді ұсынудың қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімінің орынбасары Б.Темірболатовқа жүктелсін. 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2022 жылғы 14 қаңтардағы № А-01/08 қаулысымен бекітілген
Ақмола облысы Бұланды ауданында коммуналдық қызметтерді ұсынудың қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бұланды ауданында коммуналдық қызметтерді ұсынудың Қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-15) тармақшасына сәйкес әзірленді және коммуналдық қызметтерді ұсыну мен ақы төлеу тәртібін белгілейді. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) жылумен жабдықтау-жылу энергиясын және (немесе) жылу жеткізгішті өндіру, беру, бөлу және тұтынушыларға сату жөніндегі қызмет; 2) электрмен жабдықтау-электр энергиясын өндіру, беру және тұтынушыларға сату жөніндегі қызмет; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
от 7 000 тг в месяц
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|