|
«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының міндетін атқарушысының 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 81/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 17 маусымдағы № 131/НҚ бұйрығы
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2025.09.09. № 212/НҚ бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 93 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, Елдің аумақтық даму жоспарын, тұжырымдамаларды, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау әдістемесінің 39-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының міндетін атқарушысының 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 81/НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|