ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
2018 жылғы 31 қаңтар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ БАСЫЛЫМЫ
Отырысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.З. НЫҒМАТУЛИН жүргізді.
ТӨРАҒА. Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Баршаңызды тіркеуден өтулеріңізді сұраймын. Уважаемые депутаты, прошу всех вас пройти процедуру регистрации. Тіркеу режимі қосылсын. Жұмысымызды бастау үшін қажетті кворум бар. Мәжілістің жалпы отырысын ашық деп жариялаймын. Құрметті әріптестер, күн тәртібінің жобасы сіздерде бар. Сол бойьпіша сұрақтарыңыз бар ма?
ОРНЫНАН. Жоқ.
ТӨРАҒА. Онда күн тәртібі бойынша дауыс берулеріңізді сұраймын. Нәтижесін экранға беріңіздер. Күн тәртібі бекітілді. Енді, құрметті депутаттар, күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға көшеміз. Бірінші сұрақ - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым). Баяндама жасау үшін сөз Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев мырзаға беріледі.
ЕРМЕКБАЕВ Н.Б. Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы! Құрметті депутаттар! Үкіметтік емес ұйымдар еліміздің қоғамдық-саяси процестеріне ықпал ететін белсенді азаматтық қоғам институттарының бірі болып табылады. Үкіметтік емес ұйымдар нақты әлеуметтік қамту секторына айналуда. Статистикалық мәліметтерге сай үкіметтік емес ұйымдар саласында 29 мыңнан астам адам қамтылған. Елімізде үкіметтік емес ұйымдар секторын мемлекет тарапынан қолдаудың келесідей механизмдері қалыптасып, жұмыс істейді, ол: мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттық қаржыландыру және сыйлықақылар. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|