«Кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсетудің эксаумақтық қағидатын енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 230 және Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 12 шілдедегі № 241/НҚ бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 15/НҚ және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ: 1. «Кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсетудің эксаумақтық қағидатын енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 230 және Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 12 шілдедегі № 241/НҚ бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізу: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 1. Мынадай мемлекеттік қызметтерді көрсетудің эксаумақтық қағидатын енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылсын: «Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау»; «Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау»; «Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау»; «Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау»; «Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау»; «Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау»; «Жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау»; «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»; «Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау»; «Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|