2021 жылғы шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Азаматтық қорғанысы бастығының орынбасары - Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 150 бұйрығы
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ 2021 жылғы шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті (Қ.Н. Оразалин): 1) мүдделі мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, суға шомылу маусымы кезеңінде елдің су айдындарында адамдардың қаза болуын болдырмау (азайту) жөніндегі практикалық және профилактикалық іс-шаралар кешенін алдын ала ұйымдастырсын; 2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың шомылу маусымына дайындығы мәселелері бойынша материалдар дайындасын және Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізсін; 3) Апта сайын судағы оқиғалардың есебін және мониторингін жүзеге асырсын, суға батқан адамдар санының ұлғаю үрдісі сақталған кезде, жедел шаралар қабылдасын. 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті (Б.М. Сыздықов): 1) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінде көзделген негіздер бойынша жоспардан тыс тексерулерді уақтылы жүргізуді ұйымдастырсын; 2) «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 758 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 31 бірлескен бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17647 болып тіркелген) сәйкес тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттарына сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жоспарлауды ұйымдастырсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|