ҚР Энергетика министрінің м.а. 2022.01.02. № 35 бұйрығымен алып тасталды Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығына 11-қосымша
«Сараптама ұйымы ұсынған ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты есеп-қисаптар әдістемесін келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Сараптама ұйымы ұсынған ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты есеп-қисаптар әдістемесін келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Сараптама ұйымы ұсынған ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты есеп-қисаптар әдістемесін келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты, сараптама ұйымы ұсынған есеп-қисаптар әдістемесінің көшірмесін беруді жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|