|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігіне тексеру туралы» ҚР Конституциялық Кеңесінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 2 қорытындысын қараңыз
1-бап. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 4, 217-құжат; 1998 ж., № 20, 245-құжат; 2007 ж., № 10, 68-құжат; 2011 ж., № 3, 29-құжат; 2017 ж., № 5, 9-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның астанасының мәртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласы болып табылады.»; 3-1-тармақтағы «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын. 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Ақорда, 2019 жылғы наурыздың 23-і. № 238-VI
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |