Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Нұр-Сұлтан қаласының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің атауы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Астана қаласының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін. 2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде: 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) суармалы егіншілік және агромелиорация;»; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;»; мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшасымен толықтырылсын: «4-1) азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды, жолданымдарда, хабарларда, үн қатуларда, ұсыныстарда, сұраныстарда халық көтеретін жүйелі проблемаларды уақтылы және толық қарауды, талдауды, мониторингтеуді және анықтауды, олар бойынша шешімдер қабылдауды жүзеге асырады;»; 316) және 317) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «316) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады; 317) бонитирлеу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;»; 320) және 321) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «320) асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлар туралы ережені әзірлейді және бекітеді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|