Қарағанды облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына, «Қарағанды облысын басқару схемасын бекіту туралы» Қарағанды облыстық мәслихатының 2025 жылғы 27 ақпандағы XXIII кезектен тыс сессиясының № 257 шешіміне, «Қарағанды облысы әкімдігінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 53/03 «Қарағанды облысы атқарушы органдарының штат санының лимитін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2025 жылғы 12 наурыздағы № 15/01 қаулысына, «Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының құрылымын бекіту туралы» «Қарағанды облысы әкімінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 133-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы» Қарағанды облысы әкімінің 2025 жылғы 06 наурыздағы № 22-ө өкіміне сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қарағанды облысының туризм басқармасы» сыртқы байланыстар функциясымен мемлекеттік мекеме ретінде құрылсын. 2. «Қарағанды облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 3. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органның басшысына заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Қарағанды облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдауға міндетті. 4. «Қарағанды облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|