Осы редакция 2019 жылғы 3 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 79 қаулысымен бекітілген
«Суармалы егістікті алқаптардың суарылмайтын түріне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Суармалы егістікті алқаптардың суарылмайтын түріне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген «Суармалы егістікті алқаптардың суарылмайтын түріне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру: көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі; 2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі: суармалы егістікті алқаптардың суарылмайтын түріне ауыстыруға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің қаулысы. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электронды. Порталда мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижесі электронды құжат нысанында, көрсетілген қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының электронды цифрлы қолы қойылып көрсетілген қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|