Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 49 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 29 қарашадағы Кәсіпкерлік Кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Бекітілсін: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес тексерілетін субъектілердің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін сақтау саласындағы тексеру парағы; 3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес тексерілетін субъектілердің лицензиялау немесе өзге рұқсат құжаттарын беру, кәсіпкерлік қызметті немесе өзге іс-әрекеттерді жүзеге асыруға хабарлама қабылдау тәртібін сақтауы саласындағы тексеру парағы; 4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес тексерілетін субъектілердің мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тәртібін сақтауы саласындағы тексеру парағы. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялануға оның көшірмелерінің баспа және электрондық түрде жіберілуін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|