«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 533 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 7 бұйрығымен 2023 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 63-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10156 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны (100.00-нысан); 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (100.00-нысан); 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес декларация тапсырылғанға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есебінің нысаны (101.01-нысан); 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есебінің нысаны (101.02-нысан); 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес декларация тапсырылғанға дейiнгi кезең үшін төлеуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының салық есептілігін (есебiн) және декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының салық есептілігін (есебiн) жасау қағидалары (101.01 - 101.02-нысандар); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|