«Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және жария ету» қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 195 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және жария ету» қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 195 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8765 болып тіркелген, 2013 жылғы 31 қазанда «Заң газеті» газетінде № 163 (2538) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және жария ету» қаржылық есептілік стандартында: 3-тараудың 6-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «6-параграф. Қаржы активтерін тануды тоқтату және қалпына келтіру»; 23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «23. Қор осы қаржы активін тануды тоқтатқаннан кейін қорға қаржы активі бойынша ақша ағындарының түсімдері бухгалтерлік есепте кірістер ретінде тануға жатады. Егер қаржы активін тану қаржы активінің құнсыздануынан болуы ықтимал шығындарды өтеуге арналған резервтер (провизиялар) есебінен тоқтатылса, осы қаржы активі бойынша ақша түсімі қаржы активінің құнсыздануынан болуы ықтимал шығындарды өтеуге арналған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден түсетін кірістерге жатқызылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|