Шымкент қаласы әкімдігінің 2021.15.10. № 1230 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 33 қаулысымен бекітілген
«Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже (2021.15.10. берілген өзгерістермен)
1. «Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Шымкент қаласының аумағында жергілікті атқарушы органдарының қызметінде пайдаланылатын цифрландыру, ақпараттандыру, байланыс және ақпараттық-коммуникациялар саласында басшылық ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. «Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының «Шымкент қаласының ситуациялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Басқармаға бағынысты мекеме болып табылады. 3. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Басқарма ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері, және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды. 6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы. 7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқада актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|