«2015 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы» облыс әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 78 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 26 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 3-1/671 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 78 «2015 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4240 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 наурызда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген жеке қосалқы шаруашылықтарда мүйізді ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге, ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу шығындарын арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2) жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген жеке қосалқы шаруашылықтарда мүйізді ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер жеткізушілерге, ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдері және талаптары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|