ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.11.12. № 104 бұйрығымен 6-қосымшамен толықтырылды (2024 ж. 30 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрыққа 6-қосымша
Консультативтік байқау жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы консультативтік байқау жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 176-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және консультативтік байқау тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады: 1) консультативтік байқау - психикаға белсенді әсер ететін заттарды зиянды пайдаланатын адамды және (немесе) құмар ойындарға патологиялық құштарлығы бар адамды медициналық байқау; 2) психикаға белсенді әсер ететін заттарды зиянды пайдалану - тәуелділік синдромының белгілері жоқ физикалық және (немесе) психикалық және (немесе) құқықтық зардаптарға әкеп соққан медициналық емес мақсатта пайдалану.
2-тарау. Консультативтік байқау тәртібі
3. Егер адам мамандандырылған көмексіз қалатын болса, психикаға белсенді әсер ететін заттарды (алкоголь мен темекіден басқа) зиянды тұтынған адамға және (немесе) аурудың даму немесе өршу тәуекелінің алдын алу мақсатында құмар ойындарға патологиялық әуестігі бар адамға (ауыр, өзгемейтін сипат алған, асқынған ауыр белгілері жиі болатын созылмалы немесе ұзаққа созылған бұзылушылыққа немесе айқын әлеуметтік бейімделуге ауысуына) консультативтік байқау белгіленеді. 4. Консультативтік бақылау психикалық, мінез-құлық бұзылушылықтары (бұдан әрі - ПМБ) бар адамдарды консультативтік бақылау топтарына, консультативтік бақылауға алу, ауыстыру, тоқтату өлшемшарттарына, сондай-ақ осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес байқау жиілігіне сәйкес жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|