Балқаш - Бурылбайтал республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 134 бұйрығы
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) Балқаш - Бурылбайтал (бұдан әрі - км) учаскесі 1864+000 километр - 1955+000 км (M-36) I-б санатты республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы учаскесі (бұдан әрі - ақылы жол (учаске) ақылы негізде пайдаланылады; 2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: «Балқаш - Қарағанды - Қарқаралы - Аягөз - Талдықорған - Көктал - Шунджа - Көкпек - Алматы - Құрты - Бурылбайтал» автомобиль жолы; 3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті -1864+000 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті -1955+000 км; 4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес; 5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы - I-б санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері: автомобиль жолымен жүріп өту жолағының ені - кемінде 3,75 метр; автомобиль жолындағы қозғалыс жолақтың саны - екі бағытта - 2 жолақ; 6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы - 91 км; 7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалады; 8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес; 9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі - 20 жыл деп белгіленсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|